Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» қағидасына сәйкес, Қазакстан Республикасы Ауыл шаруашылығы   Министрінің 2014 жылғы  12  желтоқсандағы №4-2/664  бұйрығымен бекітілген. Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі аудан бойынша ауылшаруашылық тауар өндірушілерден тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

Субсидия тұқым өсіру шаруашылықтарының және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің сатып алуға жұмсаған шығындарын ішінара өтеуге арналады, соның ішінде нақты сатып алынған элиталық тұқымдары үшін; майлы дақылдардың, көпжылдық және біржылдық шөптердің, арпаның, картоптың  нақты сатып алынған бірінші көбейтілген тұқымдарына; жүгерінің, күнбағыстың нақты сатып алынған бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына; сатып алынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттеріне.

Өтінімдерді Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөліміне немесе мемлекеттік "Азаматтарға арналған Үкімет" корпорациясы арқылы қабылдайды, басталуы тиісті жылдың- 16 сәуір, аяқталуы  20 сәуір (қоса алғанда).

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерден субсидиялау қағидасына сәйкес, 4,6,7,8 нысан бойынша өтініштерін қабылдайды.

Өтінімдерді ауыл шаруашылығы бөлімі сағат 9:00- 18:30 дейін қабылдайды, түскі үзіліс 13:00 –14:30 дейін; мемлекеттік "Азаматтарға арналған Үкімет" корпорациясы 9:00- 20:00 дейін қабылдайды, түскі үзіліссіз.

Арыз қабылдау: БҚО, Зеленов ауданы, Переметный ауылы Гагарин  көшесі - 83, Гагарин  көшесі – 69/Б; Дарьян аулы, Балдырған көшесі -27/1; байланыс телефондары: 8(71130) 23-418,  8(71130)23-615, 8(71131) 24-080

 

Хабарлама

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 23-бабы 2-тармағы 2) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші жұмысқа қабылдау кезінде Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда жұмыскерлермен еңбек шарттарын жасасуға міндетті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 86-бабына сәйкес жұмыс берушінің адамдарды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберуі 60-дан 300 айлық есептiк көрсеткiш (2018 жылы АЕК - 2405) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Егер жұмыс беруші Сізді жұмысқа алып, бірақ Сізбен еңбек шартын жасаспаса, Сіздің еңбегіңіз іс жүзінде заңсыз болып табылады және соның салдарынан төмендегідей проблемалар туындауы мүмкін:

  • жалақының мөлшері тұрақты болмайды, ол жұмыс берушінің еркіне қарай азаюы мүмкін (еңбек шартында еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттар міндетті түрде қарастырылады);
  • Сіздің еңбек кітапшаңызға осы жұмыс кезіндегі жазбалар жүргізілмейді;
  • жұмыс беруші сіз үшін Зейнетақы қорына жарналар төлемейді, бұл алдағы уақытта зейнетақының мөлшеріне кері әсерін тигізеді;
  • жұмыссыздық жағдайында жұмыстың ресімделмеген кезеңі сақтандыру өтіліне есептелмейді, бұл жұмыссыздық бойынша төленетін көмек мөлшері мен төлеміне әсер етеді;
  • ауырған жағдайда, Сіз еңбекке жарамсыздық парағы бойынша төлем ала алмайсыз;
  • өндірісте жазатайым оқиға болған жағдайда, кәсіптік жарақат алғанда Сіз сақтандыру төлемдерін алу кепілдігін жоғалтасыз;
  • Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар жүргізілмейді;
  • және тағы басқалары.

Сіз жұмыс берушілердің заңсыз әрекеттерімен келісе отырып, өзіңізді конституциялық қорғалудан автоматты түрде айыратыныңызды түсінуіңіз қажет. Өзіңізді және қарттық шағыңызды қорғаңыз – жұмыс жасап, заңды түрде жалақы алыңыз!

Еңбек шартын жасаспау фактілері орын алған жағдайда, Сіз БҚО еңбек инспекциясы бойынша басқармасына (Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 188, тел. 50-04-86, 24-23-76, ресми сайт - enbek-bko.gov.kz), мәртебені анықтау және түсіндірме алу мақсатында ауылдық округ әкіміне немесе жұмыспен қамту орталығына хабарласуыңыз қажет.

Егерде, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлемдер уақтылы немесе мүлдем жүргізілмеген жағдайда, Сіздің Зеленов аудандық мемлекеттік кірістер Басқармасына хабарласуыңыз қажет.

 

Хабарлама

(Жұмыс берушінің жұмыскерлермен еңбек шартын жасау және жұмысшыларға әлеуметтік және салық төлемдерін аудару міндеттері бойынша)

 

Жұмыс берушінің жұмыскерлермен еңбек шартын жасау кезіндегі міндеттері.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағына сәйкес жұмыс беруші:

  • Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда жұмыскерлермен еңбек шарттарын жасасуға;
  • жұмыскерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге міндетті.

Он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі.

Еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі данада жасалады және оған тараптар қол қояды. Еңбек шартының бір данасы жұмыскерде бір данасы жұмыс берушіде сақталады.

Конкурс ұйымдастырушысы:

Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы

Мекен-жайы және пошталық мекенжай: 090006; Орал қаласы, Х.Чурин көш., 116, каб. 108;

Байланыс телефоны: 506436.

Конкурс тақырыбы: ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлік субъектілеріне, жас кәсіпкерлерге (29 жасқа дейін), әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға экономиканың басым секторлары шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік гранттар беру

Конкурс түрі: Ашық конкурс

Конкурсқа қатысу шарттары: конкурсқа ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлік субъектілері, жас кәсіпкерлер (29 жасқа дейін), әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан адамдар қатыса алады.

Құрметті Переметный ауылдық округінің тұрғындары!

Келешекте округтегі жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға өкілдер сайлау үшін  бөлек жиындар өткізілетіндігі туралы хабарлаймыз

Өтетін бөлек жиындар кестесі. 

аймағы

Аймақ құрамына кіретін көшелер Улицы входящие в состав участка

Өткізілетін күні

Дата проведения

 

Өткізілетін орыны

Место проведения

Өткізілетін уақыты

Время проведения

 

Озерный ауылы

13.03.2018

Киров атындағы НБМ

10-00

Қаражар ауылы

13.03.2018

Қаражар БМ

15-00

Забродин ауылы

13.03.2018

Ауыл клубының ғимараты

12-00

Поливное ауылы

13.03.2018

Бұрынғы мед. пункт ғимаратының алды.

16-30

аймақ № 1

 

Сенная көшесі

Джабаева көшесі

 Элеваторная көшесі

 Борисюка көшесі

Молдагалиева көшесі

Молодежная көшесі

Ауэзова көшесі

60лет КССР көшесі

13.03.2018

« У Палыча»

Дүкені

 

18-00

аймақ №2

Приречная көшесі

Автомобильная көшесі

Космодемьянская көшесі

Шевцовой көшесі

Абая көшесі

Ломаная көшесі

Ауэзова көшесі

Садовая көшесі

Почтовая көшесі

 Казахстанская көшесі

Громова көшесі

Маметова көшесі

Первомайская көшесі

14.03.2018

№6 Дүкені

14-30

аймақ №3

 

Кооперативная көшесі

Аубакирова көшесі

Ауэзова көшесі

Набережная көшесі

Гаврилова көшесі

Уральская көшесі

Родниковая көшесі

Джалиля көшесі

Деркульная көшесі

Зеленая көшесі

Чапаева көшесі

14.03.2018

АЭЖ ғимараты

16-00

аймақ №4

Ауэзова көшесі

Уральская көшесі

Гагарина көшесі

Мухаметжановой көшесі

Ростошинкий көшесі

Строительная көшесі

14.03.2018

Ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты.

17-30

аймақ №5

Ростошинская көшесі

Ауэзова көшесі

Гагарина көшесі

Мирная көшесі

Алмаатинская көшесі

Жукова көшесі

Кудайбердиева көшесі

14.03.2018

Қазпошта

19-00

аймақ

№6

 Женис көшесі

Гагарина көшесі

Локомотивная көшесі

Подстанция көшесі

15.03.2018

« София» дүкені

9-30

аймақ №1

Мунайшы шағын ауданы  - Бостандык көшесі

 

15.03.2018

« Жана ауыл»

Дүкені

12-30

аймақ

№2

Фрунзе көшесі

 Кирова көшесі

Новая көшесі

 Степная көшесі

15.03.2018

Достық үйі

11-00

аймақ №3

Заводская көшесі

 Кошевого көшесі

Калинина көшесі

Железнодорожная көшесі

15.03.2018

Жатақхана ғимараты

14-30

аймақ

№4

С.Кожекенова көшесі

 Энгельса көшесі

15.03.2018

«Светлячок»

дүкені

16-00

аймақ

№5

 Придорожная көшесі

Торговая көшесі

 Нефтебаза көшесі

Куйбышева көшесі

Водопроводная көшесі

Есенина көшесі

15.03.2018

Қоғамдық моншасының маңында

 

17-30

 

06.05.2015 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидаларын бекіту туралы» техникалық байқаудан өту жылына бір рет, заңды немесе жеке тұлғаларға тиесілі және мемлекеттік органда (уақытша) тіркеуде тұрған машиналар жатады. Заңды тұлға ( не сенімхаты бойынша оның өкілі) мемлекеттік техникалық тексеруден өту үшін мынадай негіздемелер ұсынады: нысан бойынша өтініш;машинаның тіркеу құжаты(техникалық паспорт); мемлекеттік актке енгізу үшін нысан бойынша мәлімет; машинаны. Жеке тұлға (не сенімхаты бойынша оның өкілі) мемлекеттік тех.тексеруге ұсынады: нысан бойынша өтініш; машинаға тіркеу құжаты(техникалық паспорт); машинаны. Техникалық байқаудан уақтылы өту үшін (бекітілген кесте бойынша) жеке меншік иесі өз иелігіндегі машиналарын ауыл округі әкімнің келісімі бойынша техникалық байқау алаңына ұсынады.