2017 жылдың 16 қаңтар күні Владимировка, Өркен, Көшім, Кіші Шаған, Колесово елді мекендерінде ауыл әкімі Е.Сидагалиевтің кезекті есеп беру жиналысы болып өтті.Есептік кездесуге Зеленов ауданы әкімінің орынбасары Р.С.Шауенов, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Б.Б.Тоқжанов, аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Е.Т.Абдулов және аудандық маслихат депутаты Т.Д.Залмуканов қатысты. Ауыл тұрғындары ауыл әкімінің 2016 жылы істеген жұмысына оң бағаларын беріп ризашылықтарын білдірді.