Мичурин ауылдық округіне қарасты Асан, Жамбыл, Октябрьское және Зеленое елді мекендерде округ әкімі Б.Бержановтың халыққа есеп беру кездесуі өтті. Кездесуге Зеленов аудан әкімінің орынбасары А.Т.Досжанов, Зеленов аудандық "Нұр-Отан" партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихатының депутаты Н.Т Дұзбатыр қатысты.