2018 жылдың 16 қаңтар күні Зеленов ауданы әкімінің орынбасары Амангелді Кәрімұлы Тугузбаевтің қатысуымен Железнов ауылдық округ әкімі Акслу Тулепқызы Иманкулованың есеп беру кездесуі өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 05 ақпандағы №190 "Орталық атқарушы органдардың басшылары, әкімдер, ұлттық жоғары оқу орындарының ректорлары халыққа есеп беру кездесулерін өткізу" туралы жарлығын іске асыру мақсатында Гремячее және Новенький ауылдарында есеп беру кездесулері өтті, халықтың әлеуметтік мәселелері айтылып, олар ауылдық округ әкімінің назарына және бақылауына алынды.