Жарық шағылдырғыш «Флипперы»

Жол-көлік оқиғаларының ең көп кездесетін түрлерінің бірі - жануарларды көлікпен қағып кету болып келеді. Негізінен, бұл түнде және нашар көрінетін жағдайларда болады. Соңғы 3 жылда осындай 15 оқиғалар тіркелді, соның салдарынан    2 адам қайтыс болды, 17 адам жарақат алды. Бұл ретте адамдар жарақат алмай, тек материалдық шығынға ұшыраған жол-көлік апаттары ескерілмейді.

Үй жануарларымен орын алған жолдардағы жол-көлік апаттарының алдын алу және болдырмау үшін үй жануарларына орнатылатын «флипперлерді» түнде және нашар көрінетін жағдайларда жақсы көрсету үшін пайдалану қажет. Бұл жүргізушілердің назарын аударудың жақсы шешімі және жолдардағы жазатайым оқиғалардың деңгейін едәуір азайтады, сондай-ақ көптеген адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.

Жарық шағылдырғыш «Флипперлер» суреттерде көрсетілгендей, жануарлардың мойнына, және құйрығына бекітілуі тиіс. Сонымен қатар, «флипперлерді»  дайындау үшін шағын шығын мен уақытты қажет етеді.

Егер Сізде сұрақтар туынаған жағдайда, Зеленов ауданының полиция бөліміне 8/71130/-22-0-02, 22-2-61, 102 немесе Сіз тұрып жатқан ауылдық округ учаскелік полиция инспекторларына хабарласа аласыз!

      

  ҚҰРМЕТПЕН, ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ!

ЗЕЛЕНОВ АУДАНЫНЫҢ ІІБ


ҰРЫЛАРДАН САҚ БОЛЫҢЫЗДАР!!!

 

Зеленов ауданының прокуратурасы және Зеленов АІІб  тұрғындарды ұрлық қылмыс тарының, соның ішінде мал ұрлықтарының жиі жасалатынын ескертеді.

 

Зеленов ауданының прокуратурасы:

8/71130/22-7-04

Зеленов аудандық ішкі істер бөлімі:

8/71130/22-0-02

 

 

ҰРЫЛАРДАН САҚТАНУ ӘДІСТЕРІ

- Қоғамдық орында болған кезде құнды заттарды (ақша, ұялы телефон және т.б.)бөгде адамдардың алуға мүмкіншілігі жоқ жерге салу қажет;

- Тұрғын үйдің немесе басқа да ғимараттардың есігін мұқият ішкі құлыппен құлыптау (аспалы құлыпты ашу жеңіл);

- Тұрғын үйде ірі мөлшерде ақшаны сақтамау;

- Адам көп жиналатын объектілерді (дүкендер, әкімшілік ғимараттар, ойын-сауық орындары) бейнебақылау камералармен жабдықтау және тиісті ескертпелер орнату;

 

МАЛ ҰРЛЫҚТАРЫН АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ:

- Ауыл шаруашылық жануарларын (ірі қара мал, ұсақ мал, жылқы) бағымсыз дала жайылымына жібермеу қажет, себебі малдардың 90% далада бағымсыз жүрген жерінен ұрланады;

- Күн сайын кешкі мезгілде дала жайылымынан малдарды түгендеп, үйге айдап келіп, аулаға қамау қажет. Ұрылар негізінен түнгі мезгілде далада бағымсыз жүрген малдарды ұрлауды көздейді;

- Тұрғын үйлердің ауласының артқы есіктерін және мал тұратын шаруашылық құрылыстардың есіктерін мұқият құлыптау қажет;

- Ауыл шаруашылық жануарларын уақытылы және толық бірдейлендіру қажет;

- Шаруа қожалықтарға жұмысқа қабылданған мал бақташылармен еңбек келісім шартын және материалдық жауапкершілік шартын жасасу қажет;

- Шаруа қожалықтарға жылқы және ірі қара малдарына GPS-трекер орнату қажет.

 

Ескертпе:  Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188 бабына сәйкес ұрлық үшін кінәлі тұлғаның мүлкін тәркілеп 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қазақстан Республикасының Әкімшілк құқық бұзушылық туралы кодексінің 406 бабына сәйкес ауыл шаруашылық жануарларын дала жайылымына бағымсыз жібергені үшін әкімшілік жауаптылық көзделген.