Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың  2015 жылғы 20 мамырдағы  100 нақты қадам  «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру» бағдарламасы және 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»  атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында  бейресми жұмыспен қамтылған халықты деректендіру және оларды ел экономикасына және тиісінше міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту бойынша Зеленов ауданында 2018-2019 жылдарға арналған ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспары (Жол картасы) іске асырылуда.

Бейресми өзін-өзі жұмыспен қамтушылар және бейресми жұмыс жасайтын адамдар,  яғни еңбек шартынсыз жұмысқа қабылданған адамдар. Сондай-ақ  олар әлеуметтік сақтандырумен, зейнетақы жүйесімен және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырумен қамтылмаған болып саналады.

 Аталған іс-шаралар жоспарының негізгі мақсаты кірістерді есепке алу, салықтарды төлеу және өзін-өзі жұмыспен қамтылғандардың әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуы және өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды нәтижелі жұмыспен қамту, оларды кәсіпкерлікті дамыту және жұмыспен қамту  бағдарламасына тарту мәселелерін жетілдіру болып табылады.