Ағымдағы жылдың 13 маусым күні «Өзіңнен баста!» акциясының шеңберінде Зеленов ауданы, Дариян ауылдық округінің аумағында орман алабын тазартуға арналған экологиялық  сенбілік өткізілді. Аталған орман алабын құрайтын негізгі ағаш - қарағай терегі. Қарағайдың басты ерекшелігі - көп мөлшерлі лас ауаны тазалайтын ағаштардың бірі.

Акцияға қатысқан  саны 127 адам құрады, құрғақ бұтақтардан және тұрмыстық қалдықтардан тазаланған орман алабының ауданы - 2 гектардан астам. 2 бірлік техника (2 трактор тіркеуілерімен) және 3 автомобиль іске қосылды. Жалпы және тұтас алғанда 4 тоннадан астам тұрмыстық қалдықтар жиналды және шығарылды.  Осындай экологиялық акцияларды, аудан аумағын және оның табиғи ресурстарын абаттандыру және санитарлық тазалығын ұйымдастыру бойынша айлықтарын өткізу ауданымыздың табиғаттың экологиялық  жағдайын лайықты деңгейде ұстауға мүмкіндік береді. Ауданымыздың, облысымыздың және де Республикамыздың  қоршаған ортаны жақсарту мақсатында халқымызды көпшілікті сенбіліктерге шығуға шақырамыз!

Аталған сенбілікті өткізудің  эстафетасы  бізге Тасқала ауданның әріптестерімізбен табысталды, өз тарапынан «Өзіңнен баста!» ациясының эстафетасын Теректі ауданның әріптестерімізге табыс етеміз.

Қазіргі уақытта Қазақстанда қалдықтарды басқару мәселесіне үлкен көңіл бөлінуде. Қалдықтарды басқару  Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшуі бойынша тұжырымдамасының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Жыл сайын қалдықтардың орасан көлемінің қалыптасуы бүгінде  қалдықтардың әртүрлі түрлерінің жинақталуы және сақталуы бақыланбайтын күрделі экологиялық жағдайға әкелді. Жыл сайын жинақталатын қатты тұрмыстық қалдықтардың (бұдан әрі -ҚТҚ) негізгі бөлігі макулатура, пластик және тамақ қалдықтары әлі күнге полигонға көмілуде. Облыста қайталама шикізат: пластик, шина, резина, макулатура, картон және т.б. жинау, өңдеумен айналысатын 10 аса кәсіпорын (негізінен қалада) тіркеліп, жұмыстануда. Өкінішке орай кәсіпорындар саны қалдықтардың қомақты көлемінің жинақталуын азайтуға мардымсыз болуда. Облыста қалдықтарды сұрыптаушы және өңдеуші кәсіпорындар жетіспеуде, ал жұмыстанушы кәсіпорындар жергілікті билікпен, коммуналдық қызметпен және өңдеуші кәсіпорындармен әлсіз қауымдасу нәтижесінде толық қуатында жұмыстанбауда.

Аталған бағытты жүзеге асыру және бөлектеп жинау үшін тұрғындар арасында қоғамдық ұйымдар мен студенттер, оқушылардың қатысуымен ҚТҚ бөлектеп жинау жүйесі туралы үгіт насихат жұмыстарын (жиналыстар, брошюра, үнпарақтар, видео-роликтер, акциялар) тұрақты түрде ұйымдастыру және жүргізу қажет.

Қалдықтарды бөлектеп жинау арқылы қайталама шикізат көлемінің көбейетіндігін түсіну қажет. Қоқыс жинаушы кәсіпорындар мүдделеріне қалдықтарды бөлектеп жинаудан кейін қайталама шикізатты өткізуге мүмкіндік болатындығын ескерген жөн.

Сонымен қатар, пластик құтылар және қалдықтардың өзге түрлерін өртеу барысында қоршаған ортаға зиян келеді.  Қоршаған орта уытты заттармен уланады. Жану барысында ең уытты зат-диоксин пайда болып,  адам ағзасыны сіңіп, астма, аллергия, онкологиялық ауруларды тудырады. Осыған байланысты тұрғындарға қалдықтарды өртеудің тигізетін зияны туралы жеткізу барлығымыздың міндетіміз болып табылады.

Болашақ ұрпағымыз үшін туған өлкеміздің экологиясын бірге сақтайық!

 

Бүгінгі күнге Зеленов аудандық әкімдігімен келесі жұмыстар атқарылуда

1. Сынапқұрамды шамдар мен құралдар - Қазақстан Республикасы «Энергия сақтау және энергия тиімділігін арттыру» заңының 6 бабының 6 тармағына сәйкес сынапқұрамды шамдар мен құрылғыларды жинау және демиркуризациялау, кәдеге жарату бойынша шараларды жүргізу аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына берілген.

Қазіргі таңда Зеленов аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылқ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде сынапқұрамды шамдарды мен құралдарды  қабылдау және олардың қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату бойынша әрекеттегі ережелері бойынша кезекті  кәдеге жарату жұмыстары атқарылуда.

 

2. Пластик құтылар.

Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында аудан бойынша төрт ауылдық округ бойынша (Переметный, Белес, Мичурин және Дариян) пластик құтыларды жинау үшін арнайы контейнерлерді сатып алу және орнату жұмыстары жоспарлануда. Аталған контейнерлердің санын көбейту және басқа да ауылдық округтер мен елді мекендерді қамту бойынша жұмыстар үздіксіз атқарылады.