рисунок

Аудан орталығындағы алаңда "Жарқыра, Елордам" мерекелік кеш өтті. Еңселі Елорданың айбарын айшықтаған кеште жұртшылықты аудан әкімі Асхат Шахаров құттықтап, елімізге тыныштық, әр шаңыраққа бақ-береке тіледі. Ауданның дамуына еселі еңбегімен үлес қосып жүрген белсенділер мен еңбек ардагерлеріне аудан әкімінің құрмет грамотасы мен алғыс хаты табысталды. Елорданы ел тірегіне балаған өнерпаз жастар әр шырқап, тыңдарманға тамаша көңіл-күй сыйлады.

рисунок

"Ұлы дала Елордасы" тақырыбында өрбіген мерекелік кешке аудан әкімі Асхат Шахаров қатысып, ізгі тілегін арнады. Елдің асқақ абыройын әйгілеген Нұр-Сұлтан қаласының құрметіне арналған шарада қоғам белсенділеріне аудан әкімінің құрмет грамотасы мен алғыс хаты табысталды. Мерекелік ән шырқалған кеште аудандық мәслихат депутаттары атынан Бекболат Шканов ауылда бүгін ашылған домбыра үйрету орталығына домбыра сыйға тартты.

рисунок

Дариянда Домбыра күніне орай 5 шілдеде домбыра үйрету орталығы ашылды. Ұлттық аспапты дәріптеп, қарапайым халыққа домбыра тартуды тегін үйретуді көздеген орталықта 4 домбырашы дәріс бермек.

рисунок

2019 жылғы 05 шілдеде ауданда "Мәңгілік елдің Елордасы" тақырыбында облыстық конференция өтті. Сарыарқаның төрінде, ерке Есілді сағалай орналасқан Елорданың тарих өлшемімен алғанда аз уақыт уақыттың ішінде еңсерген жетістіктерін, жасампаз жылнамасын зерделеген жиынға аудан әкімінің орынбасары Мұрат Залмұқанов төрағалық етті.

рисунок

2019 жылғы 5 шілдеде "Домбыра күніне" орай аудан орталығындағы "Астана" саябағында домбырашылар флешмобы өтті. Ұлт аспабын ардақтап, қадірін асырған шараға аудан әкімі Асхат Шахаров қатысып, қасиетті домбыраның мән-маңызы туралы пікір білдірді.

рисунок

Назарларыңызға Қазақстан Республикасының Елордасы күніне орай өтетін іс-шаралар бағдарламасын ұсынамыз.

Мерекелік шаралар 2019 жылғы 5 шілдеге жоспарланған.

10.00 - "Мәңгілік елдің Елордасы" атты аудандық конференция.

12.00 - "Астана" саябағында домбырашылар флешмобы.

14.00 - Дариян саз мектебінде домбыра үйірмесінің ашылуы.

20.00 - "Олимп" стадионында Ашық аспан аясында кино көрсетілімі.

21.00  - орталық алаңда Елорда күніне орай мерекелік концерт.

22.00 - орталық алаңда аудан тұрғындарына би кеші.

 

рисунок

Бәйтерек ауданында мемлекет пен жеке серіктестік бағдарламасы арқылы «SunkarSmartSity» интеллектуалды бейнебақылау жүйесі іске қосылды.