Зеленов ауданы бойынша 21 қарашадан 15 желтоқсан аралығындағы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» жоспарына сай Раздольное ауылдық округінде ағымдағы жылдың 24 қарашасы күні «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Орал қаласы, Д.Нұрпейісова көшесі,12 үйде орналасқан «Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің «Медиация және құқық орталығы» құқықтық және медиативтік көмекті (медиаторлардың қызметі мен заңгердің кеңестерін) ақысыз көрсетеді. 

 

Байланыс телефондары: 87056389803, 87072083618.

Шетелдік қаржыландыруды бақылау Елбасы Нурсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасымен, шетелдік қаржыландыру көздерінен түскен қаражатты қолданудың ашық болу деңгейін ұлғайту мақсатында әзірленген болатын. Сондай-ақ, бұл өзгерісті енгізу Қазақстан үшін стратегиялық мақсатқа - «Стратегии-2050» қадамын, «Мәнгілік Ел» идеясын орындауға және еліміздің әлемнің дамыған 30 елі қатарына қосылуына мүмкіндік береді.

Бұл нәтижеге жету мақсатында 26.07.2016 жылғы №12-VI бұйрығымен бірқатар өзгерістер енгізілді. Осылайша, Салық кодексінің 14-бабымен электронды түрде немесе жазбаша түрде мемлекетті кірістер органдарына хабарлама ұсынуға міндетті тұлғалар тәртібі реттелген.

Тізбеге енгізілген тауарды әкеткен жағдайда Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 640 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша тауарға арналған декларацияның көшірмелерін және электрондық шот фактуралардың тауарларға ілеспе құжаттары ретінде растау туралы мемлекеттік кірістер органдарына өтініш беру қажет.

Өтініш өтініш берушінің тіркеу есебінде тұрған Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын мемлекеттік кірістер басқармасына беріледі.

«Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және ҚР тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» Заңының 4 бабымен, мүлікті жария ету мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталып 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады деп белгіленген.

Мүлікті жария ету үшін құжаттарды беру жария ету мерзімі өткенге дейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірілмей аяқталады.

2016 жыл 3 қараша күні ҚР Тəуелсіздігінің 25 жылдығына орай Белес ауылдық округі жастарының форумы өтті. Аталған шараға Белес ауылдық округ әкімінің аппараты, аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, «Жастык-Молодость»ЖҚБ қолдауымен Белес ауылдық округі жастарының ұйымдастыруымен өткізілді.

Хабарландыру

Барлықтарыңызды мүлікті жария ету науқанына белсенді түрде қатысып, мемлекет беріп отырған мүмкіндікті жіберіп алмауға шақырамыз.

Мүлікті жария етудің пайдасы қандай? Біріншіден, жария етілген мүлік тәркілеуге жатпайды. Екіншіден, жария ету бойынша қылмыстық істер қозғауға тыйым салынады. Үшіншіден, жария ету субьектісінің берілгендері салықтық және банктік құпия болып табылады.