рисунок

Ауданда абаттандыру мақсатындағы сенбіліктер қарқынды ұйымдастырылуда. Аудан әкімінің өкіміне орай абаттандыру жұмыстары әр аптаға нақты бекітілген. Осы аптадағы сенбілікте аудан орталығы Переметныйдың Мұнайшы шағын ауданында "Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні" акциясына аясында көшеттер отырғызылды. Акцияға бөлім, мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен жастар белсенді атсалысты. Көшет отырғызу жұмыстары ауданға қарасты барлық ауылда ұйымдастырылуда. Акцияға 1500-ға жуық тұрғын қатысқан.

рисунок

Шараға қатысқан аудан әкімі Асхат Шахаров қоғамдық маңызы зор бастамаға сәттілік тілеп, халықты белсенді атсалысуға шақырды. Экологияға қамқорлық танытып, салауаттылықты дәріптеуді мақсат еткен акция қатысушылары жүгіре жарысып көше бойынан қоқыс жинады. Акция алдағы уақытта жалғасып, ауылдың барлық аумағында ұйымдастырылмақ. Нәтижесінде ең көп мөлшерде қоқыс жинаған команда арнайы алғыс хат әрі бағалы сыйлықпен марапатталмақ.

рисунок

19 сәуірде ауданға Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Тимур Сейтқажыұлы бастаған ұжым арнайы келіп, Қасым Аманжолов мектебінде аудан мұғалімдерімен тәжірибе бөлісті.

рисунок

Аудан әкімінің орынбасары Ернар Бекетовтың төрағалығымен өткен басқосуға округ әкімдері мен "Е-Халық" жүйесіне жауапты сала мамандары қатысып, пікір алмасты.

рисунок

Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды мақсат еткен басқосуға аудан кәсіпкерлері, бөлім, мекеме басшылары мен үкіметтік емес ұйым өкілдері шақырылды.

рисунок

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың партияның кезекті ХVIII Съезінде берген тапсырмаларын - "Халыққа көмек", "Бақытты отбасы", "Ауыл - ел бесігі", "Құтты мекен" ұлттық жобаларын іске асыру туралы филиал төрағасының бірінші орынбасары Тілекбай Төлепқалиев баяндама жасады. Кейін делегаттар "Nur Otan" партиясы БҚО аймақтық филиалының кезектен тыс XXIV конференциясына делегаттар сайлады.

рисунок

Қабылдауға округтардан келген 11 тұрғынға көтерген мәселелері бойынша түсінік берілді. Әр аптаның сәрсенбі күні өтетін әкім қабылдауына алдын ала 23-3-75, 22-3-33 телефондары арқылы жазылуға болады.