рисунок

Ауданға қарасты Щапов ауылдық округі әкімі аппараты ауылдың орталық көшесінде аумағы мың шаршы метр жерді тормен (рабица) қоршап, 150 түп пирамидальды терек  және 30 түп қарағай ағашын отырғызды. Көшеттерді күтіп-баптау мақсатында, су жүйесі тартылуда.

рисунок

Сессияның күн тәртібінде Бәйтерек ауданы мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы №29-3 «2019-2021 жылдарға арналған Бәйтерек ауданы ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, аудан бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтерді бекіту, аудандағы кейбір елді мекендердің әкімшілік бағыныстылығын өзгерту мәселелері қаралды.

рисунок

25 сәуірде аудан әкімінің орынбасары Ернар Бекетовтың төрағалығымен аймақтық даму жоспары талқыланды. Жиынға мекеме, бөлім басшылары қатысып, аса маңызды салалар бойынша экономикалық көрсеткіштер туралы баяндады. Ауданды дамыту бойынша межеленген мақсатты индикаторлардың орындалуы басты талап екендігін ескерткен Ернар Бекетұлы сала басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

рисунок

Бүгін 23 сәуір аудан әкімінің орынбасары Көпжан Тұрлыбеков аудандық ішкі саясат бөлімі ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

рисунок

Бүгін 24 сәуір аудан тарихында "BAITEREK TALANTTARY" тұңғыш жастар театрының тұсауы кесілді. Тарихи сәтке куә болған аудан әкімі Асхат Шахаров өнер ұжымына сәттілік тілеп, театр жетекшісі жас режиссер Әліби Жанәбіловке алғыс хат табыс етті.  Аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған драма үйірмесінің композициялық қойылымынан соң "BAITEREK TALANTTARY" театры "Жалғанған үміт" драмтрагедиясын сахналады. Көрерменнің қошеметіне бөленген қойылым, жылы қабылданды. Жастардың театр өнеріне ерекше ілтипатпен келгендері бірден байқалды.

рисунок

 23 сәуір күні ауданда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен ересектер арасында "Қазақстан барысы" турнирінің іріктеу кезеңі өтті.

рисунок

Бүгін 21 сәуір аудан орталығында ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде көкөніс, жеміс-жидек және дәнді дақыл түрлері сатылды.