рисунок

2019 жылғы 5 мамырда Бәйтерек ауданы Мичурин округі Октябрский ауылында орналасқан «САЯТ» этно-туристік кешенінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан барысы» турнирінің облыстық кезеңі өтеді.

Басталуы: сағат 17:00

Келіңіз, Бәйтерек барысына жанкүйер болыңыз!

рисунок

2019 жылғы 29 сәуірде аудандық полиция бөлімінің бастығы Сұлтан Шалдарбеков 2018 жылдың және ағымдағы жылдың 1 тоқсанында атқарылған жедел қызметтік жұмысының қорытындылары бойынша есеп берді.

рисунок

Өткен демалыс күндері аудан әкімінің орынбасары Е. Бекетов пен аудан әкімдігінің аппарат басшысы А. Көбенов және аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Н.Өтемұратов Дарияндағы өндіріс орындары мен әлеуметтік нысандар жұмысын бағамдады.

рисунок

Бүгін 30 сәуір ауданда «Отан қорғаушылар күні» және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына арналған көктемгі жүгіру марафоны ұйымдастырылды. Қашықтығы 5 шақырымды қамтыған марафонға 500-ден астам аудан тұрғыны қатысып, бастамаға үн қосты.

29 04 19 news 19Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы қарсаңында Бәйтерек ауданы әкімдігінде "call- орталық" құрылғанын хабарлаймыз.

Call-орталыққа өзіңіздің сайлау учаскеңізге және кезектен тыс сайлауға қатысты барлық сұрақтар бойынша хабарласуға болады. Орталық нөмірі: 8-711-30-23-4-90.

Сонымен қатар аудан әкімдігінің ресми интернет-сайтында да ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына байланысты ақпарат орналастырылған.

 

 

рисунок

2019 жылғы 28 сәуірде осыдан 3 жыл бұрын Нұр-Сұлтан қаласында белгілі режиссер, театр майталманы Асхат Маемировтың жетекшілігімен іргетасы қаланған «Астана мюзикл» театрының Батыс Қазақстан облысына гастролдік сапары басталды.

рисунок

2019 жылғы 27 сәуірде  Дариян ауылында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мамыр айындағы мерекелер қарсаңында  ұйымдастырылған жәрмеңкеде жергілікті шаруалар ет, сүт, шұжық өнімдері, жеміс-жидек, көкөніс түрлері мен бал, басқа да табиғи өнімдерін ұсынды.