Зеленов ауданы орталығында «street workout» және балалар ойын алаңының салтанатты ашылуы өтті. Біраздан бері жоспарланған нысан халық игілігіне берілер күнді күткен ауыл тұрғындары көп жиналды. Сондай-ақ спортшылар мен спорт ардагерлері де бұған дейін болмаған нысан ашылуына келді.

Бүгін Зеленов ауданында тарихи күн. Тәуелсіз еліміздің тарихында тұңғыш жазылған тарихи роман «Он төрт» кітабының таныстырылымы өтті. 

Ауданымызға жұмыс сапарымен облыс әкімі Алтай Көлгінов келді. Ауданда атқарылып жатырған бірқатар жұмыспен танысқан Алтай Сейдірұлы алдымен құрылысы үстіміздегі жылдың мамыр айында басталған дене шынықтыру және сауықтыру кешеніндегі жұмыс барысымен танысты.

Зеленов ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Батыс Қазақстан  облыстық сотының төрағасы Бек Әметов аудан тұрғындарымен кездесті. Кеңеске ауылдық округ әкімдері, аудан тұрғындары, кәсіби емес медиаторлар, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің өкілдері қатысты.

Үшінші жаңғыру жолында айқын мақсаттарды көздеген еліміздің ең негізгі тірегі – ұлттық бірлік. Берекелі бірлігін сақтап, кейінгі буынға дәріптей білген халқымыз аз уақытта биік асуларды еңсерді. Өзара түсіністік пен келелі келісімнің арқасында біз алға қойған ұлы мақсаттарға қол жеткізіп, дамыған отыздықтың ортасынан табыламыз. Бұл – «Жаңғыру кепілі – ұлттық бірлік» тақырыбында өткен басқосу қатысушыларының пікірі.

Зеленов ауданының ұстаздары дәстүрлі тамыз кеңесінде бас қосты. «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі» тақырыбында оздырылған мәжіліске аудан әкімі Асхат Шахаров, облыстық білім басқармасы мектепке дейінгі және жалпы білімді дамыту бөлімінің басшысы Светлана Темірғалиева, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім-мекеме басшылары, ауыл әкімдері, ардагер ұстаздар мен мектеп мұғалімдері қатысты.

Ағымдағы жылдың 22 тамыз күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудан әкімі Асхат Берлешұлы Шахаров ауданымыздың белсенді жастарымен кездеcті. Жастар болашағымыздың кепілі, келешегіміздің кілті. Сондықтанда ел ертеңі үшін қазірден жастардың кемел келешегіне алаңдап, оларға барлық жағдайы жасау парызымыз, - деді Асхат Берлешұлы Шахаров.