рисунок

- Елордасы Астанамыздың 20 жылдығына орай ыңғайластырылған ғимаратта қызмет атқарған мектебіміз биылғы оқу жылында заманауи үлгіде салынған жаңа ғимаратқа көшті. Бұл – біз үшін үлкен қуаныш. Жаңа білім ордасы 300 орындық, 100 орындық интернаты да бар. Құрылысын «Отделстрой» ЖШС жүргізді. Бұл мектепте балалардың білім алуына толық жағдай жасалған. Спорт зал, 100 орындық асхана, пән кабинеттері, шеберхана және кітапханамен жабдықталған.

рисунок

Бүгін Зеленов ауданында ҚР Тілдер меркесіне орай «Тіл-тұтастық туы» атты фестиваль оздырылды. Фестивалге қатысқан аудан әкімі А.Шахаров 130-дан астам ұлт пен ұлыстың тілін тауып, бірлік пен ынтымақта ұстап отырған еліміздің ұлтаралық татулық пен бірлік басым саясатының бірі екенін, ауданда тілі бөлек, тілегі бір 30-дың үстінде ұлттың бір шаңырақтың астында тату-тәтті тұрып жатқанын тілге тиек етіп, жиналғандарды айтулы меркемен құттықтады.

рисунок

300 орынға шақталған жаңа білім ордасының құрылысы былтыр мамыр айында басталып, биылғы оқу жылы қарсаңында пайдаланылуға берілді. Ұлттық қордан бөлінген 1,1 миллиард теңгеге салынған мектепте білім алуға қажеттінің барлығы бар. Әсіресе жаңа үлгідегі ІТ сыныбы мен 100 орынға шақталған интернат және қажетті құралдармен жабдықталған 2 шеберханасы барлық талаптарға сай.

рисунок

Барашаңызды еліміздің ең маңызды да айшықты мерекесі – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!

рисунок

Дариян аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне арналған «Ел тілегі, ер тірегі - Ата Заң» салтанатты іс-шарасы өтті.

рисунок

Аудан кітапханасында Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне арналған «Конституция уақыт призмасы арасында» атты дөңгелек үстел оздырылды.

рисунок

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіп отырған дана және сындарлы саясатының арқасында 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған біздің Конституциямыз қоғамның дамуына жағдай жасады, біздің елімізде біртұтас Қазақстан халқын құрап, тұрып жатқан барлық этникалық топтар өкілдерінің тең құқықтылығы қамтамасыз етілді.