рисунок

Бүгін ауданға Тасқала ауданынан арнайы делегация келіп, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы шеңберінде "Тұңғыш Президент жолымен..." халық экспедициясы" эстафетасын салтанатты жағдайда табыстады. Сондай-ақ шараға Орал қаласынан Ассамблея мүшелері қатысты.

Алдымен делегация «Жеңіс» саябағында «Даңқ» монументіне гүл шоқтарын қойып, Отан үшін от кешкен жауынгерлер рухына тағзым етті. Шарада аудан әкімі Асхат Шахаров сөз сөйлеп, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы шеңберіндегі экспедиция жұмысына сәттілік тіледі.

Одан әрі экспедиция жұмысы арнайы құрылған 5 диалогтық алаңда жалғасты.

«Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы Елбасының тарихи рөлі», «Ата сөзі – бата сөз», «ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында және Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында белгіленген міндеттерді шешудегі Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы аналар кеңесінің атқарылған жұмыстары мен мәселелерін талқылау», «ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы мен Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері Ассамблеяның жұмысына қосқан үлесі мен бүгінгі таңда қол жеткен нәтижелері туралы», "Медиация және дебаттар: жанасу нүктелері" тақырыптарында өрбіді.

Диалогтық алаңдарда БҚО әкімі аппараты "Қоғамдық келісім" мекемесінің басшысы Медхат Қамбетов, Батыс Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Данильбек Саратов, Батыс Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Вера Шохина, Тасқала ауданының әкімі Алдияр Халелов, облыстық «Татуласу» орталығының басшысы Алуа Ракишева, Тасқала аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Думан Ғазез т.б. пікір білдірді. Диалогтық алаң жұмысынан соң аудандық мәдениет үйінде Тасқала ауданы көркемөнерпаздарының концерті өтті. Халықтық ұлт-аспаптар оркестрінің орындауындағы Құрманғазының «Адай" күйімен ашылған концерт соңында Тасқала ауданының әкімі Алдияр Халелов аудан әкімі Асхат Шахаровқа «Қазақстан халқы Асаммблеясы – 25 жыл» кітабын табыстады. БҚО әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Медхат Қамбетов қорытынды сөз сөйлеп, қос аудан халқына берекелі бірлік тіледі.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок