рисунок

Жыл жобасына старт берген аудан әкімі Асхат Шахаров қоғамды ізгілікке бастайтын бірегей бастамаға сәттілік тілеп, аудан тұрғындарын белсенді атсалысуға шақырды. Сондай-ақ шараға облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Нұркен Мейірбек арнайы қатысып, волонтер жастарға жан-жақты қолдау болатынын жеткізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен 2020 жыл "Волонтерлер жылы" аталып, "БІРГЕМІЗ" ұранымен тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдама волонтерлердің жаңа әлемін ашатын нақты жеті бағытты қамтиды. Енді жыл бойы ауданда волонтерлік бастамалар осы жеті бағытта ұйымдастырылмақ. Ауданда тұжырымдаманың "Үміт", "Асыл мұра", "Таза Қазақстан", "Білім", "Қамқор", "Саулық", "Сабақтастық" деп аталатын барлық бағыттарына жетекшілер бекітіліп, топтар жасақталды. Еріктілер қатарына қосылып, қоғамға азаматтық үлес қосам деген тұрғындарды ортақ мақсатқа бірге жетуге шақырамыз.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок