рисунок

7 ақпан күні Рубежин ауылдық округінде облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Айман Хайруллинамен және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының бас маманы Думан Ермановпен жүздесу өтті. Оған жекелеген ауылдық округ әкімдері мен мамандар қатысты. Жиынды аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Абат Көбенов ашты.

- «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, соның ішіндегі 5 институционалдық реформаның біріншісі «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» екендігі баршаға белгілі. Реформаның он екінші қадамы бойынша біздерде жаңа этика ережелерін енгізу, мемлекеттік қызметтің этикалық кодексін жасау және әдеп жөніндегі уәкіл енгізу тапсырмасы болған-ды. Осы тапсырманы орындау аясында 2015 жылы Президент Жарлығымен барлық облыстарда, Нұр-Сұлтан қаласында, республикалық маңызы бар қалаларының әкімі аппараттарында әдеп жөніндегі уәкіл лауазымы енгізілді. Аудандар мен Орал қаласында бұл лауазым басқа лауазым иелеріне жүктелген. Мен өз құзіретім шегінде облыстық басқармаларда, аудандар мен ауылдық округ аппараттарында мемлекеттік қызметтің этикасы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргіземін.

Облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Айман Рафикқызы - Бүгінгі жиында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу, мемлекеттік қызметтегі этика нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметті ұсыну кезіндегі мемлекеттік қызметшінің өзін-өзі ұстау мен сыпайылық сақтауы, қызметтік автокөлікті пайдалану тәртібі, іссапар кезінде мемлекеттік қызметшілердің өзін-өзі ұстауы жөнінде мағлұмат бердім.

- 2019 жылы департаментпен мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын және мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне қатысты жүргізілген 69 тексеру нәтижесі бойынша 470 заңбұзушылық анықталды. Оның 37-сі мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі талаптарын сақтамау мәселесіне қатысты. Сондай-ақ Әдеп жөніндегі кеңесімен өткізілген 12 отырыста 14 іс қаралса, оның 8-і әдеп нормаларын бұзу мәселелеріне қатысты болып отыр. Атап айтсам, қарамағындағы мемлекеттік қызметшілерге дөрекі мінез көрсету, мемлекеттік автокөлікті қызметтен тыс уақытында пайдалану, жеке көлігін масаң күйде жүргізу мен сот отырысында мемлекеттік органның мүддесін қорғамауға байланысты, - деді Думан Сағидоллаұлы.

Жиын барысында мемлекеттік қызметшілер сұрақтар қойып, жауаптар алды.

Шара соңында жиылғандар ауылдық клубта жаңадан ашылған музей, жастарға арналған кабинет және спорт залын тамашалады.

Облыстан келген меймандар бұдан соң Дариян ауылына бас тіреді. Мұнда Айман Хайруллина тұрғынның бірін жеке сұрақпен қабылдады. Түстен кейін өкілдер ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлерімен кездесіп, түсіндірме жүргізді.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок