рисунок

Бүгін аудан орталығындағы алаңда жаңа жылдық бас шыршаның шамы жағылды.

Жаңа 2020 жылдың құрметіне орнатылған бас шыршаның шам жағу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев қатысып, жұртшылыққа жаңа жылдық тілегін арнады. Ағымдағы жыл жетістігін шолып өткен Ерікқали Ғұмарұлы келер жылдың да мақсат-міндеттеріне тоқталып өтті.

Одан әрі алаңға келген Аяз ата мен ақшақар тілек арнап, шырша тойын көңілді әнмен әрледі.

рисунок

рисунок

рисунок