рисунок

2019 жылғы 27 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-1 бабына сәйкес, аудан әкімі А.Шахаровтың 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №281 Өкімімен Максим Болатұлы Мусалимов Бәйтерек ауданы Мичурин ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

Аудан әкімі Асхат Шахаров округ активіне жаңа әкімді таныстырып,  қызметіне сәттілік тіледі.

 Мусалимов Максим Болатұлы 1988 жылы дүниеге келген. Білімі – екі жоғары. 2009 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті (дене шынықтыру пәні мұғалімі, дене шынықтыру және спорт бакалавры); 2013 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін (есеп және аудит бакалавры) бітірген.

Еңбек жолын 2009-2014 ж.ж - «Зеленов аудандық БЖСМ» МКҚК футбол бойынша жаттықтырушысы;

2014 - 2015 ж.ж - Зеленов аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі бас маманы;

2015 - 2018 ж.ж - Зеленов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы, мемлекеттік қызмет мониторингі және бақылау бөлімінің бас маманы;

2018 - 2019 ж.ж - Бәйтерек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің басшысы; 10.2019-12.2019 ж.ж - Мичурин ауылдық округі әкімінің әкімінің орынбасары;

27.12.2019 ж - Мичурин ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы.

рисунок

рисунок