рисунок

2019 жылғы 6 қарашада тұтынушы құқықтарын қорғау мәселесін қаузаған басқосу өтті. "Бөлшек сауда және қызмет көрсету саласындағы тұтынушылар құқығын қорғау" тақырыбындағы басқосуға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр төрағалық етті.

Қоғамда маңыздылығы басым мәселені "БҚО тұтынушылар құқығын қорғау бойынша қоғам" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дарина Телағысова мен бірлестіктің заңгері Айгүл Жаманбаева бірге талқылады. Тұтынушылар құқығын қорғаумен айналысатын бірлестік өкілдері бөлшек сауда сатушысымен тұтынушы арасында туындайтын дауларды сотқа дейін реттеу, тұтынушы құқығы бұзылған жағдайдағы іс-әрекет алгоритмін түсіндіріп, мысалдар келтірді.

Шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша дайындалған ақпараттық материалдар таратылып, сауалнама жүргізілді.

рисунок

рисунок

рисунок