рисунок

Бүгін ауданға Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков жұмыс сапармен келді.

Министрлік өкілін ауданға  БҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ринат Құбатаев пен БҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Мақсотұлы бастап жүрді. Алдымен әкімдікте өткен кездесуде аудан әкімі Асхат Шахаров ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысына тоқталып, пікір алмасты. Одан әрі Нұрлыбек Абиболлаұлы аудандық аурухананың және аудандағы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының ұжымымен кездесіп, жұмысымен танысты. Жүздесу барысында мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жолдауында көзделген міндеттерді сапалы әрі тиімді орындау,  қызмет сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу туралы сөз болды.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок