рисунок

Аудан әкімдігінде халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін талқылаған жиын өтті.

Күн тәртібінде атаулы әлеуметтік көмек рәсімдеу, жаппай кәсіпкерлікті дамыту және үй шаруашылықтарының қажеттіліктерін анықтау үшін маркетингтік зерттеу  (скрининг) жүргізу, белгіленген бюджетті уақтылы әрі тиімді игеру және бюджеттің кіріс көзін арттыру шараларын ұйымдастыру мәселелерін қараған жиында аудан әкімінің орынбасары Ернар Бекетов әр мәселенің маңыздылығына тоқталып, жауапты орган басшыларына жұмысты тиянақтауды тапсырды.

Атаулы әлеуметтік көмек рәсімделген отбасылардың бүгінгі әлеуметтік жағдайының сапасы, көмек төлемдерінің мақсатты пайдаланылуы, тұрғындардың құжат жинау барысында келеңсіздіктерге жол бермей, табыс көзін нақты көрсетулері айтылды. Сондай-ақ округ әкімдері маркетингтік зерттеу (скрининг) шарасының ұйымдастырылуын мәлімдеді.

Қазір барлық ауылдық округте бизнестің және үй шаруашылықтарының қажеттіліктерін анықтау, бизнесті ашу және дамыту үшін жаңа бағыттарды, импортты алмастыруға арналған нақты бағыттарды табуды көздеген скрининг шарасының мақсатын халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстары жүруде. Күтілген нәтижеге қол жеткізу үшін ең бастысы тұрғындар сауалнама сұрақтарына нақты жауап беріп, жауапкершілік танытулары қажет.

Одан әрі жиын барысында бюджеттің тиімді игерілуі мен кіріс түсімдерінің жоспарлы орындалуы талқыланып, Ернар Бекетұлы жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді.

рисунок

рисунок

рисунок