рисунок

Бүгін Махамбет ауылында шағын кәсіпкерлікті қолдау, несие арқылы қаржыландыру мәселелері талқыланды.

Басқосуда "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ БҚО филиалы директорының орынбасары Нұрбол Жұмағалиев пен филиалдың бөлім басшысы Азамат Ахметов тұрғындарға шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекеттен берілетін несие шарттарын түсіндіріп, рәсімдеу талаптарына тоқталды. Мал өсіру, мал тұқымын асылдандыру, шаруашылыққа қажет техника алу және өзге де қызмет көрсету түрлерімен айналысуға ниетті тұлғалар сұрақтарын талқылап, пікір алмасты.

Махамбет округінің әкімі Бейбіт Аманғалиев ауылда кәсіппен айналысуға бейіл танытып отырған тұрғындарға жан-жақты қолдау барын түсіндіріп, берілген несиені мақсатты пайдаланудың жауапкершілігін алға тартты.

Махамбеттік тұрғындар негізінен үй шаруашылығын кеңейтуге, мал басын асылдандыруға және түрлі шаруашылықа қажет техника алуға ниет білдіруде.

рисунок

рисунок