рисунок

Бүгін ауданда жергілікті бюджет мәселелерін талқылаған жиын өтті.

Аудан әкімінің орынбасары Ернар Бекетовтің төрағалығымен өткен басқосуға Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Тілепберген Каюпов пен жергілікті бюджеттің кірістерін болжау және талдау бөлімінің басшысы Ғалым Жұбанышев қатысып, елімізде 2020 жылдан бастап жаппай енгізілетін төртінші деңгейлі бюджет мәселесін сөз етті. Алдымен сөз алған Тілепберген Ерсайұлы төртінші деңгейлі бюджеттің құрылуы, игерілу талаптары және бюджет туралы Заңға енгізілген өзгерістерге тоқталса, Ғалым Сағынұлы жергілікті бюджет кірістерін тиімді жоспарлау, мақсатты игеру туралы түсіндірді. Төртінші деңгейлі бюджетпен келер жылдан бастап жұмыстанатын округ әкімдері мен есепші мамандар жаңа жүйеге қатысты сұрақтар қойып, пікір алмасты.

рисунок

рисунок