рисунок

2019 жылдың 20 қыркүйек (жұма күні) сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінде интернет-конференция өтеді.

Интернет-конференция «Facebook» әлеуметтік желісінің «Anticorruption ZKO»парақшасында өткізілетін болады (https://www.facebook.com/events/2160470197585855/).

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі келесі негізгі бағыттарды жүзеге асырады:

  • қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
  • сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын туғызатын жағдайлар мен қатерлерді анықтау және зерттеу;
  • құқықбұзушылықтарды анықтау, алдын-алу, ашу және тергеу.

Келесі жобалар жүзеге асырылуда:

  • «AQJAIYQ – ADALDYQ ALANY» азаматтарға қолайлы жағдай жасау және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою;
  • «PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» - кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау және бизнеске заңсыз араласу фактілерінің алдын алу;
  • «SANALY URPAQ», «ADAL URPAQ» - білім саласында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік пен парасаттылық атмосферасын қалыптастыру және т.б.

Пайдаланушылардың сұрақтарына Департамент басшысы Рустам Сапарбекұлы Ақмырзаев жауап беретін болады.

Өздеріңізді қызықтырған сұрақтарыңызды комментарий ретінде қалдыра аласыздар.