рисунок

Бүгін ауданда ҚР Конституциясы күніне арналған мерекелік шара «Азат елдің ар-намысы – «Ата Заң» тақырыбында өрбіді. Салтанатты шарада аудан әкімі Асхат Шахаров тәуелсіз елдің тірегіне айналған Ата заңның маңызына тоқталып, азаматтық қоғам қалыптастырудағы рөлін айрықша атап өтті.

Ата Заң тәуелсіздігіміздің тірегіне, табысты дамуымыздың және Қазақстанның халықаралық деңгейдегі биік беделінің кепіліне айналды. Еліміздің басты құндылығы ретінде қоғамдық-саяси бірлікті, келісім мен тұрақтылықты қалыптастырды. Саяси жүйенің тиімділігін арттыру және мемлекеттігіміздің мызғымастығын қамтамасыз етуде жүргізілген конституциялық реформа жаңа жаһандық өзгерістерге жауап береді. Аудан көркемөнерпаздарының тамаша өнерімен өрнектелген кеште қоғам белсенділері мен үздік қызметкерлерге аудан әкімінің алғыс хаты табысталды.

рисунок

рисунок

рисунок