рисунок

Бүгін ауданда Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай алқалы жиын өтті.

Аудан әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында елдігіміздің тірегіне айналған Ата заңның айрықша орны айшықталды. Тәуелсіз елдің жасампаз жолын дәріптеген бейнефильм көрсетілген соң аудан әкімі Асхат Шахаров құттықтау сөз арнады. Одан әрі аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Мәлік Өтешов, әділет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанна Абулхаирова, «Достық» мәдениет үйінің директоры Бибігүл Ахметжанова баяндама жасап,  тұрғындарды мерекемен құттықтады. Жарыссөз барысында «Ақниет» әжелер ансамблінің жетекшісі Гүлбаршын Қасиетова, еңбек ардагерлері Николай Анципрович пен Қадырбай Абдушев   қоғам дамуындағы Ата заңның маңыздылығына тоқталды.

рисунок

рисунок

рисунок