рисунок

Бүгін Достық үйінде "LATYN KERÝENI" республикалық семинар-тренингі өтті. Шараны аудан әкімінің орынбасары Көпжан Тұрлыбеков ашып, төрағалық етті.

Басқосуға арнайы келген Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы директорының кеңесшісі, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазықызы сөз сөйлеп, семинар мақсатын баяндады. Латын графикасына көшудің маңыздылығы,  қазақ халқының  түркі әлемімен және жаһандық үрдіспен ықпалдасуы, ұлттық сананың жаңғыруы және озық 30 елдің қатарын қосылудағы артықшылықтар туралы сөз етті.

Шара барысында аудан тұрғындары жаңа әліпбиге көшуге байланысты пікір білдіріп, сауал жолдады.

Сауалдарға жауап берген Оразкүл Асанғазықызы латын әліпбиін қолдануға көшу кезеңдері туралы түсіндіріп өтті.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок