рисунок

Ауданда шағын және орта бизнестің дамуына қарқын қосар жаңа нысандар бой көтеруде. Мичурин округінде "Ихсанов Б" жеке кәсіпкерлігі 200 орындық "Ханшайым" мейрамханасының құрылысын аяқтады. Жалпы құны 50 млн. теңге болған нысан іске қосылған сәтте 20 тұрақты жұмыс орнын ұсынбақ. Сондай-ақ Мичуринде "А.М.Жиденко" жеке кәсіпкерлігі "Алмаз" сауда үйін жуырда іске қоспақ. Құны 145 млн. теңгені құрайтын нысанның далпы аумағы 5000 шаршы метр. Сауда үйінде тұрақты 14 жұмыс орны құрылмақ. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

рисунок