рисунок

Өткен жексенбіде облыс әкімі Ғали Есқалиев Бәйтерек ауданында екі шаруашылық аумағында жүріп жатқан күзгі жиым-терім жұмыстарының барысымен танысты.

"АгроСервис-Батыс" ЖШС-ін аралау кезінде шаруашылық директоры Ғазиз Рабаев өңір басшысын ағымдағы жұмыспен таныстырып,  биыл жаздық  бидайдың өнімділігі әр гектарына - 15 центнерді құрайтынын жеткізді. Күздік бидайды себуге дайындық жүргізілуде.

Облыс әкімі сонымен қатар "Матевосян" шаруа қожалығына барып, мұнда жұмысшылар ұжымымен кездесті және жүргізіліп жатқан жұмыспен танысты.

Бүгінгі таңда аграрлық салада тер төгіп жүрген шаруалардың басты проблемаларының бірі  - егіс алқабын кеңейту мүмкіндігінің болмауы. Облыс әкімі бұл мәселені бақылауға алатындығын атап өтті. Сондай-ақ өңір басшысы ұсынылған жер телімдерін ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалану қажеттігін баса айтты. Мақсаттан тыс пайдалануды ойға алғандар жерді мемлекетке қайтарып, ол конкурстық негізде пайдаға жарататын іскер азаматтарға берілуі тиіс.

рисунок

рисунок