рисунок

Бүгін аудан әкімі жанындағы кеңес отырысы өтіп, халықты жұмыспен қамту, шағын және орта кәсіпкерлікті өрістету, тұрғындардың мәртебесін оңтайландыру мәселелері қаралды.

Алдымен аудан әкімі Асхат Шахаров ауыл тұрғындарын шағын кәсіпке үйрету, несие рәсімдеуге көмек көрсету, тиімді кәсіп түрін ұсыну сол арқылы әр отбасының табыс деңгейін арттыру туралы пікір білдіріп, кәсіпке ыңғайлы елді мекендерде жұмысты жетілдіре түсуді ұсынды. Одан әрі кеңес отырысына арнайы келген «Ауыл шаруашылығын  қаржылай қолдау қоры» АҚ БҚО филиалының директоры Арыстан Арсланбаев шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған несиелер жайын баяндап, 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының нәтижелеріне тоқталды. Сондай-ақ Арыстан Айсұлтанұлы ауыл тұрғындарына шағын кәсіппен айналысу үшін берілетін қаржының жеткілікті екендігін, өз ісін ашуға ниетті тұрғындарды әрдайым қолдауға дайын екендігін жеткізді.

Күн тәртібіндегі «Е-Халық» бағдарламасы мен бірыңғай жиынтық төлем жүйесі туралы хаттамалық тапсырмалардың орындалуы жайында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Галина Жучкова, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Алексей Герасимов баяндады.  Сондай-ақ кеңесте 2019 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру қорытындысы қаралып, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысының орынбасары Юрий Кауисов мәлімдеме жасады.

Отырысты қорытындылаған аудан әкімі әр мәселе бойынша сала басшылары мен округ әкімдеріне нақты міндеттемелер жүктеді.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок