рисунок

Сіздерді мерейлі мереке - Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіз Қазақстанның астанасы өзінің ерекше бастамаларымен дүниежүзіне мәлім болған қала. Мұнда әлемнің талай мемлекет басшылары мен бірегей саясаткерлері бас қосып, тарихи шешімдер қабылданды.

Өзінің жиырма жылдық белесінде бейбітшілік Ордасына айналған Астанамыздың тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы тұлға Елбасының есімін иеленуі тарихи құбылыс.

Нұр-Сұлтан – жаңа қала, әлемдік маңызды оқиғалар жүзеге асқан киелі мекен. Ерке Есілді сағалай, Сарыарқаның төріне қонған Елорданың келешекте бүгінгіден де құлпырып, көркейе беретіндігіне сенім мол.

Нұр-Сұлтан ел тәуелсіздігінің тірегі ретінде тұтас қазақстанды кемел келешекке бастап, өзге өңірлердің де өсіп-өркендеуіне ерекше ықпал ете бермек.  

Бірлігі мен ынтымағы жарасқан халқымызға жарқын болашақ, әр шаңыраққа бақ-береке, толайым табыс тілеймін!

Құрметпен,

Бәйтерек ауданының әкімі А.Шахаров