рисунок

Бүгін ауданда аналар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отбасылық құндылықтарды сақтау және өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру арқылы қазақстандық бірегейлік пен жалпыұлттық бірлікті нығайтуды мақсат еткен кеңестің кезекті отырысына Батыс Қазақстан облыстық  Аналар кеңесінің төрайымы Шалқыма Құрманалина  арнайы қатысты.

Келелі мәселелер талқыға түскен басқосуда аудан әкімінің орынбасары Көпжан Тұрлыбеков аналар кеңесінің қатысуымен атқарылған жұмыстар мен ауқымды нәтижелерге тоқталды. Сондай-ақ отырыста аудандық аналар кеңесінің төрайымы Әлия Әлібекова, «Ақниет» әжелер ансамблінің жетекшісі Гүлбаршын Қасиетова және аудандық «Инабат» қыздар клубының жетекшісі Айдана Баянғалиева сөз алып, атқарған жұмыстары туралы мәлімет келтірді.

Өз кезегінде педагогика ғылымдарының докторы, профессор Шалқыма Хайроллақызы отбасы құндылықтарын дәріптеп, бала тәрбиесін құнттау, отбасын енді құрған жастар тәрбиесіне ықпал жасау, өзара тығыз байланыс орнату арқылы аналар кеңестері жұмысын жүйелі әрі тиімді жүргізу бағытында өзекті ұсыныстарымен бөлісті.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок