рисунок

Бүгін ауданда "Қазақстан - алма мен қызғалдақтың алтын бағы" библиоакциясы ұйымдастырылды. Елбасы Н.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласында айтылған ұлттық құндылықтарды дәріптеп, баға жетпес байлығымызды насихаттау мақсатындағы шараға аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұжымы мұрындық болды.

"Астана" саябағында өткен акция "Алма бағы", " Алма дәріханасы", "Apple cafe", "Гүл патшасы - қызғалдақ", "Киелі мұрамызға тағзым" тақырыптарындағы көрме, қызықты ойындармен өрбіді. Шараны ашқан аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Радик Ихласов Ұлы даланың айшықты артықшылықтары туралы сөз етті. Қызғалдақ пен алма туралы композиция ұсынылған акцияда келушілер әдемі ән тыңдап, танымдық ойындар ойнады.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок