рисунок

Бүгін 15 мамыр аудан әкімі жанындағы кеңес өтті. Маңызды мәселелер талқыланған жиынның күн тәртібінде ауыл аймақты абаттандыру, 2018-2019 оқу жылын аяқтау және балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, көктемгі егіс-далалық жұмыстарының барысы, аудан экономикасын дамытудағы мақсатты индикаторлардың орындалуы және бюджеттік салық түсімдері туралы мәселелер қаралды. Әр мәселе бойынша жауапты сала басшылары егжей-тегжей баяндап, ұсыныс жасады.

Жиынды қорытындылаған аудан басшысы әр мәселе бойынша жасалған ұсыныс-пікірлер сарапталып, шешім қабылданатынын айтып, сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок