рисунок

2019 жылғы 12 мамырда  ауданда Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі өнер көрсетті. Айтулы ұжымның 85 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шығармашылық кеш "Ұлы дала әуендері" тақырыбында өрбіді.

Сонау 1934 жылдан ұлт өнерін дәріптеп келе жатқан оркестрдің бай репертуары тыңдарманын тәнті етті.

Оркестрдің бас дирижері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Абылай Тілепбергеннің жетекшілігімен өнер көрсеткен танымал әнші жұп Мирас пен Құралай Бекжановтар, әнші, актер Асхат Үрпеков орындауындағы әндерге көрермен ерекше ықылас танытты.

Кеш соңында аудан әкімі өнер ұжымына жаңа жетістіктер тілеп, алғысхат табыс етті.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок