рисунок

Орталық көшемен сап түзеп жүріп өткен "Мәңгілік полк" шеруі "Жеңіс" саябағына аялдап, туған жерден топырақ бұйырмаған жауынгерлерді үнсіздікпен еске алып, рухтарына тағзым етті. Митингте сөз алған аудан әкімі Асхат Шахаров Жеңіс күнімен құттықтап, аға буынның өшпес даңқы мен өлшеусіз ерлігіне тоқталды.

Шарада сөз алған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы В.Дарханов, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қ.Абдушев, еңбек ардагері Н.Анципрович отты жылдар тарихына тоқталып, елімізге жарқын болашақ тіледі. Ұлы Отан соғысының ардагері Қабдисат Ізбасов пен аудан басшысы Асхат Шахаров бастап,  барлық  қатысушылар Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Одан әрі орталық алаңда жалғасқан мерекелік шарада тыл және еңбек ардагерлері солдат ботқасынан дәм татып, Жеңіс әндерін бірге шырқады.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок