рисунок

"Ауылым - алтын бесігім!" жобасы аясында балалар аудан әкімдігі ғимаратымен танысып, аудан басшысы Асхат Шахаровпен кездесуді ұйғарған. Әкімдіктің "Шаңырақ", "Ақ жайық", "Ақ бидай" залдарын аралап, тәуелсіздік жылдары басшылық еткен тұлғалар, мәслихат депутаттары туралы деректермен танысқан соң аудан әкімімен кездесті.

Әкімнің жұмыс тәртібіне қаныққан балалар өздері ауданды басқарса алдымен қандай мәселелерді қолға алатындарын айтып, әкімге толғандырған сұрақтарын жолдады. Балаң көңілдерінің жалпыға ортақ мәселелерге алаңдайтыны сүйсінтті. Арманы асқақ өрендердің ертеңіне зор сеніммен қарайтындары қуантты. Мектептері бейнеленген тұмар дайындап, тілектерін бір қайырым шумаққа сыйдырып келген өрендерге Асхат Шахаров оқуда озат, ел намысын қорғар ұлан болуларын тіледі.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок