рисунок

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес, конкурстық комиссия отырысының 2019 жылғы 14 наурыздағы №15 хаттамасы негізінде аудан әкімі А.Шахаровтың өкімімен Ернар Бекетұлы Бекетов Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Бекетов Ернар Бекетұлы 1991 жылы дүниеге келген.

Ұлты қазақ

Білімі жоғары

2014 ж.  Пенсильвания штаты университетін (АҚШ) Гуманитарлық ғылым бакалавры: экономика, халықаралық саясат, халықаралық қатынастар, бизнес және гуманитарлық ғылымдар мамандығы бойынша бітірген. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі.

2015-2016 жж. - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің кеңесшісі;

2016-2017 жж.  - Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында мемлекеттік қызметші;

2017-2019 жж. - Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары;

15.03.2019 ж  -  Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары.

рисунок

рисунок

рисунок