рисунок

Аудандық қоғамдық кеңес отырысының қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған Әділ Бақтығалиевті аудан әкімі Асхат Шахаров құттықтап, алғыс хат пен естелік сыйлық және байқау жүлдесін табыстады.

Байқау жеңімпазы Әділ Бақтығалиев – Ақжайық ауданы, Чапай ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер.

Ашық аудандық конкурсқа барлығы 16 жұмыс түсіп, сарапқа салынған. Жұмыстарды сарапқа салған қоғамдық кеңес мүшелері жұмыстардың мән-мазмұнына, сипаттамасына т.б. басымдық берген.

«Бәйтерек ауданы» логотипі (эмблема) латын қарпінде жазылған. Оюлар қазақылықты білдіреді. Бейнеленген жол ауданның тоғыз жолдың торабында орналасқандығын көрсетеді. Логотипте егін шаруашылығының жақсы дамығандығы айқын көрініс тапқан. Аудан халқының көпұлтты, тірлігі тиянақты, бірлігі бекем халық екендігіне де баса мән берілген.

рисунок

рисунок

рисунок