рисунок

Бүгін 13 наурыз "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы ғимаратында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінде айтқан әлеуметтік бағдарламалар мен бастамаларын түсіндіру мақсатында аудан әкімі Асхат Шахаров, аудан прокуроры Данияр Төлегенов, аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Исмағұлов және мекеме, бөлім басшылары қоғамдық қабылдау жүргізді.

Мемлекеттік органдардың халықпен  ашық байланысын қамтамасыз еткен қоғамдық қабылдауға  "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы аясында Макаров, Көшім, Мичурин, ауылдық округінің тұрғындары "Скайп" жүйесінде қосылып, аудан әкіміне сұрақтарын жолдады.  Аталмыш ауылдардан 3 тұрғын байланысқа шықса, тағы 12 адам қоғамдық қабылдау барысында жеке баспана, тұрақты жұмысқа орналасу, әлеуметтік жәрдемақы рәсімдеу мәселелерін көтеріп, жауап алды.

Тұрғындармен ашық жүздесіп, мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыруға арналған шара барлық ауылдық округте ұйымдастырылатын болады.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок