рисунок

Бүгін 12 наурыз аудан әкімінің орынбасары М.Залмұқанов аудандық кәсіпкерлік бөлімі ұжымына жаңа басшыны таныстырды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының1-тармағына сәйкес, 2019 жылғы 7 наурыздағы аудандық бірыңғай конкурстық комиссияның №13 хаттамасы негізінде аудан әкімі А.Шахаровтың өкімімен Нұргелді Сүлейменұлы Өтемұратов Бәйтерек ауданы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Н.Өтемұратов 1989 жылы дүниеге келген.

Білімі екі жоғары.

2010 жылы Алматы экономика және статистика Академиясын қаржыгер,

2013 жылы Қазақ-орыс халықаралық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

2008-2010 жж. «Қазақстанның болашағы үшін» Ақтөбе облыстық жастар қозғалысы төрағасының көмекшесі;

2010-2013 жж. Ақтөбе қаласы №6655 әскери бөлімінде келісім шарт негізінде әскери қызметкер;

2015-2017 жж.  «Қаратөбе ауданы әкімі аппараты» ММ Персоналды басқару бөлімінің бас маманы;

2017-2018 жж. «Зеленов ауданы әкімінің аппараты» ММ Ұйымдастыру жұмысы, мемлекеттік қызмет мониторингі және бақылау бөлімінің бас инспекторы;

2018-2019 жж  Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округі әкімінің орынбасары;

12.03.2019 ж Бәйтерек ауданы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.

рисунок