рисунок

Кеңеске ауылдық округ әкімдері "скайп" жүйесі арқылы қосылып, ақпарат алмасты. Аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржы шаруашылық бөлімі азаматтық қорғау мәселелері жөніндегі бас инспекторы Ф. Үмбетқалиевтың айтуынша, мол түскен қар күрт еріген жағдайда бірқатар елді мекендерге еріген қар суынан қауіп бар. Тасқынның алдын алу мақсатына аудандық резервтен қаражат бөлініп, әр ауылда шұғыл әрекет ету тобы мен жауапты тұлғалар бекітілген. Су ағар арық көздері аршылып,  тұрғындарға төңірегін қардан тазалау туралы ескерту жасалған. Ауыл көшелерінен қар шығару да қарқын алған.Күні бүгінге дейін Мичуриннен 30 мың, Дарияннан 400, Трекиннен 560, Переметныйдан 5160 текше метр қар шығарылған. Қорда қажетті инертті материалдар мен құрал-сайман, жанар жағар май сақтаулы.

Кеңесті қорытындылаған аудан әкімі қауіпті аймақтарды қатаң бақылауда ұстап,  еріген қар суын өткізу үшін арықтарды аршуға тұрғындарды жұмылдыруды тапсырды. Қар суының екпіні толастағанша округ әкімдері "скайп" жүйесі арқылы орталықпен күнделікті байланыста болмақ.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок