07 03 19 news 48

Сіздерді 8 наурыз - Халықаралық мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

Көктем лебін әкелетін бұл мереке асыл әже, аяулы аналар мен қыз-келіншектерге қоғамның құрметін арттырып, мейірімге бөлейді.

Тіршіліктің талбесігін тербеткен әйел қауымы қашанда құрметке лайық. Тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуіне айрықша үлес келе жатқан қыз-келіншектер қатары мыңдап саналады. Бүгінде әйел тек отбасының берекесін ойлайтын жан ғана емес, ауқымды мемлекеттік мәселеге де белсене араласатын қоғам мүшесі.

Осынау мерейлі мереке әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты. Сондықтан елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, өмір сүру деңгейін арттыруға ерекше маңыз беріледі.

Қымбатты ханымдар!

Көктемдей құлпырған өмірлеріңіз қуанышқа толы болсын! Әрқайсыңыздың жан-жүрегіңізден жарқын болашаққа деген сенім мәңгілік айнымасын. Сіздерге және отбасыларыңызға бақыт, береке, сәттілік тілеймін!

 

Құрметпен,

Бәйтерек ауданының әкімі                                          А.Шахаров