11 02 19 news 13

2019 жылдың 9-10 ақпан күндері Алматы қаласында ғылыми-тәжірибелік конференция аясында өткен "Қазақстан болашағы жастардың қолында" атты ХХХХVI республикалық ашық конкурсынан Раздольный мектебінің оқушылары екі жүлделі орын иеленді.

5 сынып оқушысы А.Кононова (жетекшісі Ю.Рязанова) "Математика"секциясында ІІ орынды, 9 сынып оқушысы Е.Малкина (жетекшісі А.Горбач) "Өлкетану" секциясында ІІІ орынды жеңіп алды. Сондай-ақ бәйтеректік өрендер 3 арнайы аталым бойынша үздік атанды. 2 сынып оқушысы Ю.Горбач (жетекшісі А.Горбач) "Жас зерттеуші", "Медицина" секциясында М.Товстик (жетекшісі Ю.Товстик) "Жас ғалым", 11 сынып оқушысы В.Малкина (жетекшісі Т.Малкина) "Орыс тілі мен әдебиеті" секциясында "Жас ғалым" аталымына ие болды. Бұл өрендер барлығы 250 оқушы бақ сынаған айтулы конкурста БҚО намысын қорғап, Бәйтерек ауданын танытты. Оқушылар мен жетекшілердің ізденіс жұмыстары жоғары бағаланған. Конференцияның ІІ кезеңі Ресей астанасы Мәскеу қаласында өтпек.