рисунок

Бүгін аудандық мәдениет үйінде елімізге белгілі медицина ғылымдарының докторы, профессор Болат Қанапияұлы Женалиевпен кездесу өтті. 

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының "Туған жер" бағдарламасы аясында өткен кездесуде Болат Қанапияұлы алдымен аудандық «Рухани жаңғыру» кеңсесін тамашалап, естелік кітапқа өз қолтаңбасын қалдырды. «Алғыстан алқа таққан абзал жан» атты шара алдымен профессор туралы бейнекөрсетіліммен басталды.

-Уақытыңыздың тығыздығына қарамастан, уақыт тауып, туған өлкеңізге ықыласыңызды білдіріп келіп жатқаныңызға ризашылығымды білдіремін. Өз өміріңізді медицина саласына арнап, бірнеше жетістіктерге де жеттіңіз. Бүгінде көптеген шәкірт тәрбиелеп, ғылыми еңбектер жаздыңыз. Бұл үлкен жетістік. Мұндай жетістікке жету кез келгеннің қолынан келе бермесі анық. Сіздің еңбек жолыңыз – өскелең ұрпақ үшін қашан да үлгі-өнеге, - деді аудан әкімінің орынбасары Көпжан Тұрлыбеков.

Бұдан кейін әкім орынбасары аудан Болат Қанапияұлына аудан әкімінің алғыс хатын табыс етті.

Кездесуде білікті дәрігер көптен төбе көрсетпеген туған жерінде атқарылған істерге оң бағасын берсе, білікті дәрігердің үзеңгілес достары, әріптестері облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Мырзағали Мұхамбетов, ҚазИИТУ ғылыми-білім кешенінің ректоры Ақсерік Әйтімов, еңбек ардагері Майдан Жұбандықов өз естеліктерімен бөлісті.

Сондай-ақ бір кездері бүлдіршіндеріне көмек қолын созған дәрігерге жекелеген ата-аналар да өз ыстық ықыластарын жеткізді.

Кеш соңында медицина ғылымдарының докторы, профессор Болат Жиенәлиев қанаттас достарына өз тарту-таралғыларын табыс етті.

рисунок

рисунок

рисунок