рисунок 

«Жайық Пресс» медиахолдингінің бас директоры Рауан Сәбитұлы бастаған ұжым «Туған жер» этно - мәдени жобасы аясында ауданымызда болды.

Аудан әкімі Асхат Шахаровтың қабылдауында болып, ауданда атқарылып жатқан жұмыстармен, алға қойған жоспарларымен танысты. Аудан басшысы келген қонақтарымызға қош келдің айтып, бұқаралық ақпарат құралдарының жалпы қоғамда алатын орны ерекше екендігіне тоқталды. Өз кезегінде Рауан Сәбитұлы аудан басшылығына осындай іс-шараларды ұйымдастыруда қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, шараның маңыздылығын атап өтті. Одан әрі  директор Рауан Сәбитұлы аудан әкімдігің «Ақжайық» мәжіліс залында аудан ардагерлерімен, облыстық «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп ұжымымен, облыстық «Приуралье» газетінің бас редакторы Роза Сыйықова аудандық орталық аурухана ұжымымен кездесіп, ашық түрде пікір алмасты. Сонымен қатар, мектеп оқушылары арасында шығармалар байқауын ұйымдастырып, үздік шыққан үш оқушыға байқаудың облыстық кезеңіне жолдама берді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласындағы басым міндеттерді насихаттау барысында ұйымдастырылған шара аудандық мәдениет үйінде жалғасын тауып, мерекелік концертпен жалғасты. Мерекелік концертті ұйымдастырған «Жайық Пресс» медиахолдингінің ұжымы шара барысында облыстық және аудандық басылымдарға қолдау білдіріп жүрген ауданымыздың бірқатар азамат-азаматшаларын алғыс хаттармен марапаттады.

рисунок 

рисунок 

рисунок