рисунок

Аудан орталығындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде аудан әкімінің жүлдесіне арналған волейболдан ашық турнир өтті.

Әуе доп шеберлерінің жарысына аудан ауылдары мен Ақжайық, Бөрлі және Тасқала аудандарының командалары қатысты. Жарыс ережесіне сай екі топқа бөліген командалар жартылай финалға берілер жолдаманы сарапқа салды. Тартысқа толы өткен топтық кезең ойындарының қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен Бөрлі мен Ақжайық, Янайкин мен Тасқала командалары жүлде таласын әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік алды. Жартылай финалдың алғашқы ойынында кездескен Янайкин мен Ақжайық ауданы командаларының тартысында ақжайықтықтар жеңімпаз атанса, Бөрлі мен Тасқала ауданы командаларының ойынында бөрлілік жігіттер басымдық танытты. Осылайша жартылай финал ойындарында жеңіліс тапқан  Янайкин мен Тасқала командалары үшінші орынға таласты. Қызықты ойын қорытындысында янайкиндік жігіттер жеңіске жетті.

Сондай-ақ командасын алға сүйреп, үздік ойын көрсеткен Айбар Жеткіншеков «Үздік байланыстырушы», Бауыржан Бақтияров «Үздік қорғаушы», Нұрболат Хисен «Үздік шабуылшы», Баян Қайырғали «Үздік тосқауыл қоюшы», Қайрат Төлешев «Үздік ойыншы» аталымдарын иеленді.

Жеңімпаз-жүлдегерлерге диплом, кубоктар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

рисунок

рисунок

рисунок