рисунок

Мичурин ауылында «Sayat» этнотуристік орталығы ашылды. Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық спорт түрін, Отандық туризмді дамыту мақсатында ашылған орталықтың тұсаукесеріне облыс әкімі Алтай Көлгінов, аудан әкімі Асхат Шахаров, БҚО бойынша Қазақстан xалқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов және ҚР ат спорты федерациясының өкілдері қатысты.

Аудан тұрғындарын сәулетті жобаның ашылуымен құттықтаған өңір басшысы кешен өңірлік туризмді дамытуға серпін беріп, еліміздің тартымды туристік имиджін қалыптастыруда ролі зор екенін атап өтті. 

Айта кету керек, жеке кәсіпкер Мұрат Жәкібаевтың бастамасымен ашылып жатқан кешен спорттық туризм, медициналық және рекреациялық туризм, танымдық туризм бағыты бойынша жұмыс жасайды. Оның ішінде атпен жүру сабақтары, туристік бағыттарда атпен жүру, велотуризм, су, жаяу жүру, шаңғымен жүру, аймақтың мәдени және табиғи көрікті жерлеріне туристік маршруттар жүргізу бағытында жұмыстанбақ.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок