рисунок

1 қазан - Халықаралық қарттар күнініе орай аудан әкімі Асхат Шахаров Переметный ауылындағы «Арна» мейрамханасында адагерлерге арнап қонақасын берді.

 Қазақ қоғамында ақсақалдар - елдік пен өнегелі өмір тәжірибесінің қайнар көзі. Қарттар қашанда елді береке-бірлікке, ырыс-ынтымаққа жұмылдыра білген. Халықтың «Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең», «Қариясы бар елдің– қазынасы бар» деген сөздерінің мәнісі - ақылдың кені, қазыналы қарттарды құрметтеу, ақсақалдар қауымын ардақтау керектігімізді ұғындырса керек. Аға ұрпақтың ақылы қашан да қымбат,-деген Асхат Берлешұлы қарияларды мерекемен құттықтап, сый-сияпаттар табыстады.

Одан әрі қариялар әр мереке сайын ұмытпай назарында ұстайтын аудан басшылығына ризашылығын білдіріп, ақ баталарын берді.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок